Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

Жамбыл аудандық кітапханасы 1947 жылы ең алғаш 900 дана кітап қорымен құрылған. 1975 жылы 26330 дана кітап қорымен «Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайта ұйымдастырылды. 1980 жылы кітапхана ғимараты алдына Жамбыл ақынның ескерткіші қойылды. 1983 жылы аудандық атқару комитетінің шешімімен кітапханаға «Жыр алыбы Жамбыл» ақынның есімі беріліп, «Жамбыл атындағы орталық кітапхана» болып аталды. 1997 жылға дейін ауданда 60 кітапхана-филиалы, 120-дан астам кітапханашы болса, онтайландыру саясатына орай кітапханалар жабылып, 1999 жылдан бастап ауданда бір ғана Жамбыл аудандық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсетті. 2008 жылы Елбасы Жолдауы аясында Облыс әкімінің қолдауымен бірден 21 ауылдық кітапхана ашылып, 42 штат бірлігі берілді. 2010 жылы тағы 3 кітапхана ашылды. Бүгінгі таңда 25 кітапхана оқырмандарға жаңаша қызмет көрсетуде.

Кітапхананың мекен-жайы:  Ұзынағаш ауылы, Бәйдібек би к-сі №170. Жеке арнайы ғимаратта орналасқан.

Халық саны – 41089
Салынған жылы – 1974
Ашылған жылы – 1947
Көлемі – 1290,1 ш.м.
Штат бірлігі – 20
Қызметкерлер саны – 20, оның ішінде кітапханашылар – 14
Кітап қоры –243425, оның ішінде мемлекеттік тілде – 103537
Оқырмандар саны – 7200
Материалдық-техникалық базасы:jambyl audandyk.jpg - 17.32 Kb
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 32
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 150
Кафедра – 6
Каталог –26
Үстел – 60
Орындық – 150
Күрделі жөндеу қажеттілігі – жоқ
Жылу жүйесі – көгілдір отын
Автокөлік – 1 (УАЗ)
Байланыс телефоны 8/72770/2-27-66
Кітапхана директоры — Ибрайжанова Бибінұр Ермекбайқызы

Реклама